Үндістан біздің халықаралық ынтымақтастығымда көрнекті орын алады - ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының халықаралық ынтымақтастықтағы ең алғашқы Іскерлік кеңесі Үндістан Республикасымен құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Үндістанда бизнесті жүргізу" бизнес-семинарында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Үндістан біздің халықаралық ынтымақтастығымызда көрнекті орын алады. Біз қол қойған келісімдердің үлкен бөлігі үнді бизнесін біріктіретін түрлі қауымдастықтармен жасалды. Олардың арасында Үндістан сауда-өнеркәсіп палатасы федерациясы, Үнді өнеркәсіпшілер конфедерациясы, Үндістанның ТМД елдері палатасы, Үнді палаталары қауымдастығы және экспортты ілгерілету, импортты ілгерілету келісімдері бар", деді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Татьяна Жданова.

Оның айтуынша, Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының халықаралық ынтымақтастағы ең алғашқы Іскерлік кеңесі Үндістан Республикасымен құрылды. Ал Қазақстан-Үндістан Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы былтыр қараша айында Алматыда өткен болатын. ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы басшысының сөзіне қарағанда, алғаш рет өз еліндегі бизнесті жүргізумен таныстыруға арналған бұл шараны Швейцария ұйымдастырған болатын. Бүгін оны Үндістан жалғастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар