Үндістан Қазақстанның Орталық Азиядағы тауар айналымындағы негізгі серіктесі - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның Орталық Азиядағы тауар айналымының жартысынан астамы Үндістанға тиесілі. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Үндістанда бизнесті жүргізу" бизнес-семинарда айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әлемдегі қарқынды дамушы елдердің ондығына кіретін Үндістан халықаралық аренада геосаяси ойыншы. Қазақстан мен Үндістаның әріптестік қатынасы екі елдің тарихи байланысына негізделіп, республика басшыларының теңестірілген саясаты бойынша нығайып келеді. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Үндістанға жасаған сапары тың серпін берді", дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Бақыт Оспанов. Қазіргі таңда елде үнді капиталының қатысумен құрылған 280-нен астам кәсіпорын бар. Үндістанның Қазақстандағы инвестициясы 62 миллион доллардан, ал Үндістандағы Қазақстан инвестициясы 64 миллион доллардан асып отыр.

Соңғы жаңалықтар