Үндістан Қазақстанның шикізаттық емес секторын инвестициялауға дайын - Ашок Санджахар

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік дағдарыстың жалғасуына қарамастан Үндістан Қазақстанмен ынтымақтастығын нығайтуда айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Үндістанда бизнесті жүргізу" бизнес-семинарда айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан минералдық ресурсқа бай. Технология мен біліктілігі жоғары мамандарға ие Үндістан Қазақстанның экономиканы әртараптандыруына ықпалдасуға және шикізаттық емес секторын инвестициялауға дайын. Оның ішінде ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдері өндірісі, көлік жолдары, мұнай-химия индустриясы, жылу-электр энергиясы және тағы басқа салалар бар", дейді Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ашок Санджахар.

Халқының үштен бірінен астамын 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрайтын бұл елде жоғары біліктілігі бар 400 миллион маман бар. Оны тілге тиек еткен Елші қазақстандық саяси қайраткерлер, бизнесмендер мен өндірісшілерді осы мүмкіндікті өздерінің іскерлік байланысын дамытуға пайдалануға үндеп отыр.

Соңғы жаңалықтар