14:35, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
Үндістан Кеден одағымен жұмыс істеуге ниетті - Манмохан Сингх
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үндістан Кеден одағымен жұмыс істеуге ниетті. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі брифингте Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингх мәлім етті.
«Біз Қазақстан, Ресей, Беларус арасындағы Кеден одағымен жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырмыз»,-деді М. Сингх.
Сонымен қатар ол 2011 жылдан 2014 жылға дейінгі жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыру бағытындағы Жол картасы бекітілгенін айта келе, бұл құжат мемлекетаралық ынтымақтастық тұрғысында тиісті стандарт бола алатынын жеткізді.
«Мұнымен қоса біз Үндістан мен Орталық Азия, әсіресе Қазақстанмен арадағы сапарлар ықпалдастықтың қозғалтқышы болуы үшін көліктік қарым-қатынасты нығайтуға келістік»,-деп түйіндеді сөзін М. Сингх.