Үндістан мен Қазақстан өте тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынас жасауға мүдделі - Елбасы

АНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үндістан мен Қазақстан өте тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынас жасауға мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы бірқатар құжаттарға қол қойылғаннан кейін мәлім етті.
None
None

«Биылғы жылы бұл Үндістан Республикасының Премьер-Министрінің Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары болып табылады. Сондай-ақ біздің елімізде өткен Президент сайлауынан кейінгі шетел басшыларының тұңғыш келіп отырған сапары», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде Үндістан Премьер-Министрінің қазақ еліне сапарын үлкен оқиға ретінде бағалап, құшақ жая қарсы алатындығын жеткізді.

«Себебі, Үндістан Республикасы мен Қазақстан өте тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынас жасауға мүдделі. Ол біздің өңіріміздегі ең үлкен Ресей, Қытай секілді алып мемлекеттердің бірі болып табылады», - деді Н.Назарбаев.

Үндістан басшысымен осымен алтыншы мәрте кездесіп отырғанын атап өткен Н.Назарбаев «әр кездесуіміз достық рухта және стратегиялық маңызы бар сипатта өтуде», - деді.

Соңғы жаңалықтар