Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхпен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхпен ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды.
None
None

Атап айтқанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Санджай Сингх екі ел ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және өкілетті елшісі Ашок Кумар Шарма екі елдің Денсаулық сақтау ведомстволары арасында Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Сонымен қатар, ҚР Байланыс және ақпарат министрілігі «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары Дмитрий Голобурда мен Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және өкілетті елшісі Ашок Кумар Шарма қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі және үнділік компьютерлік инцидент ету қызметі арасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсінісу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар