13:58, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
Үндістан Премьер-Министрінің ресми сапары аясында Қазақстан мен Үндістан арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Ақордада Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің екікүндік ресми сапары аясында Қазақстан мен Үндістан арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы келісімге, «Жол картасы» аясында Қазақстан Үкіметі мен Үндістан Үкіметі арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі іс-қимылдың бірлескен жоспарына және үндістандық «ONGC Videsh Limited» компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасындағы «Сәтбаев» мұнай блогын бірлесіп игеру жөніндегі құжаттар топтамасына қол қойылды.
«Осы сапар аясында қол қойылған стретегиялық әріптестікті дамытудың бірлескен іс-қимыл жоспары біздің бірлескен жұмыстарымыздың барлық салаларында, индустриялдық өзара ынтымақтастығымызға жаңа серпін береді», - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.