Үндістанда экстремистердің шабуылы нәтижесінде 70 солдат қазаға ұшырады

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Үндістанның Чхаттисгарх штатында экстремистердің шабуылы нәтижесінде 70 әскери қызметші қаза болды.
None
None

Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, 300-ге тарта экстремист 73 адамнан тұратын әскерилерге торуыл құрды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Әскери қызметшілер мініп келе жатқан машина минаға тап болып, жарылды, бұдан кейін экстремистер оқ жаудырды. Үндістандық NDTV теле арнасының ақпаратына қарағанда, полиция 70 адамның ажал құшқанын қуаттады.

Солшыл бүлікші-маоистер ондаған жылдар бойы Үндістанның көптеген штаттарында қозғалыстың негізі қаланған 1967 жылдан бері зиянкестік әрекетпен айналысып келеді. Әртүрлі мәліметтер бойынша, олардың құрамында 10 мыңнан 20 мыңға дейін содырлар бар.

Соңғы жаңалықтар