Үндістандағы циклоннан қаза тапқан адамдардың саны 42-ге жетті

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Апта соңында Үндістанның оңтүстігінде болған «Тхане» циклонының салдарынан 42 адам қаза тапты, олардың арасында бір Франция азаматы бар. Бұған дейін 33 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
None
None

Тамилнад штатының жағалаудағы Куддалор өңірінің аумағында қаза тапқандардың тіркелген саны 26-дан кем емес. Сондай-ақ қаза тапқандар туралы ақпарат штаттың басқа аудандары мен  Пондишери одақтық аймағынан келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар