Үндістанның «Джаната дал» партиясы ТМД, ШЫҰ жастарына өз алдына жаңа ұйым құруға ұсыныс тастады

АНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ТМД мен ШЫҰ елдерінің жастар қауымы бір ұйым астында әріптестікті жаңа деңгейге көтеруі қажет.
None
None

ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің жастар ұйымдарының және саяси партиялардың жастар қанаттары көшбасшыларының кездесуі барысында Үндістанның «Джаната дал» партиясының мүшесі Вивек Суд осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мен осында бас қосып отырған жастар бірлестіктерін Еуразиялық деңгейдегі байланыс пен бірлікті нығайтатын Еуразиялық ұйымды құруға шақырамын», деді В. Суд.

 Оның айтуынша, жастар Еуропа мен Азия аймақтарының достастығын дамыту жолында тер төгуге міндетті. «Еуразия кеңістігінде жастарды біріктіретін, олардың әріптестігін қалайтын бірде-бір ұйым жоқ. Екі құрлық бір-бірімен ықпалдаса отырып, ертеңгі бейбіт өмірді қалайтын уақыт жетті», деп атап көрсетті ол.

 Өз кезегінде «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев, саяси партиялардың жастар қанаттары және жастар ұйымдарының еуразиялық клубын құру жөніндегі ұсынысын ортағы салды, ол қатысушылардың дауыс беруімен қабылданды.  «Бұл клуб жастардың көзқарастары мен жастар саясаты саласындағы мәселелерді талқылап, қоғамдағы проблемаларды шешуге үлкен мүмкіндіктер ашады», деді Н.Өтешев.

Еске сала кетейік, Астанадағы шарада Әзірбайжан, Армения, Беларус, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің үкіметтік органдары мен саяси партияларының қызметкерлері, ТМД мен ШЫҰ-ның қатысушы елдерінің өкілдері бас қосуда.

Соңғы жаңалықтар