Университеттер Ұлы хартиясы обсерваториясының Бас хатшысы, доктор Бастиан Бауман ҚазЭУ-ге келді

АЛМАТЫ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ге Университеттер Ұлы хартиясы обсерваториясының Бас хатшысы, доктор Бастиан Бауманның қатысуымен дөңгелек үстел өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары, жеткен жетістіктері қаралып, баяндамалар оқылды. Сондай-ақ Б. Бауман Ұлы хартияның міндеттері мен ережелерін таныстырып, аталмыш университті  хартияның мүшесі болуға шақырды.

«Қазақстан қазіргі уақытта еуропалық білім беру жүйесіне кіріп, соның негізгі принциптерін іске асырып жатыр. Ол біріншіден, кредиттік жүйе, бұл арқылы біздің студенттер шетел университеттерімен тікелей байланысып, білім алмаса алады. Екіншіден, үш деңгейлік білім жүйесі, бакалавр, магистр, пейжди. Біз 2003 жылы Қазақстан бойынша тұңғыш рет, сөз немесе қағаз жүзінде емес, іс жүзінде Болон принциптерін университетке енгізген едік. Осы қыркүйек айында аталған хартияға кіреміз деген қаулы қабылдаған болатынбыз. Қазіргі уақытта құжаттарды дайындап жатырмыз. Осы жолы Бас хатшының университетімізге келіп, хартияға кіруге ұсыныс жасауы біздің оқу орнымыздың беделінің жоғарылығын көрсетіп отыр. Міне, келесі жылы осы хартияға қол қойып, университетіміз соның мүшесі болмақ», дейді аталмыш университеттің ректоры Әли Әбішев.

Соңғы жаңалықтар