Үріккен ат тоғыз жасар баланы басып өлтірді - Павлодар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласына қарасты Жетекші ауылында жылқы тоғыз жасар баланы басып кетіп, мерт қылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, төртінші сыныптың оқушысы үлкендердің қарауынсыз атпен шабуға ниеттеніп, жылқыға барған. Бала ер-тоқымға қате отырып құлап түсіп, аяғымен ілініп қалған. Үріккен ат оқушыны басы төмен қараған күйі басып кеткен. Алған жарақаттардан жас бала ауруханада көз жұмды. Аталмыш жағдай "жазатайым оқиға" ретінде сотқа дейінгі тергеу базасында тіркелді. Нақты шешім сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады, - дейді Б. Мағзұмова.

Соңғы жаңалықтар