Ұрланған көлікті жол полициясы қызметкерлері тез тауып берді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордада ұрланған көлік жол полициясының қызметкерлерінің араласуымен тез табылды.
None
None

Облыс орталығының іргесіндегі Досан ауылының тұрғыны, жиырмаға толма­ған жас жігіт Гагарин қыстағында орна­ласқан «Рүстем» дүкенінің алдында тұрған «Ваз-2107» маркалы автокөлігін белгісіз азаматтар айдап кеткені жөнінде арыздан­ды. Жедел іздестіру жұмыстары іске асыры­лып, нәтижесінде көлікті айдап кет­кен үш жас жігіт қолға түсті. Қылмысты аш­қан полиция қызметкерлері Асаубаев және Алиевтер басқарған топ мүшелері болды.

Осылайша жол полициясы қызмет­керлері өз міндеттерін мүлтіксіз атқа­руының арқасында теріс ниетті жан­дардың әрекет­терінің жолын кесіп, зардап шеккен азамат­тардың алғысына ие болды.

Соңғы жаңалықтар