Үш баланың анасы адам саудасының құрбаны болды

қызметі.
Жезөкшеліктің кезекті құрбаны болған әйел Алматыға осыдан үш ай бұрын Алматы облысы, Ескелді ауданының бір ауылынан ескі танысының шақыруымен келген.
"Ол алдымен бұған дейін бірнеше рет жезөкшелік саудасымен сотты болған Хафиза есімді жеңгетайдың шырмауына түскен. Жеңгетай әйелді Алматы қаласының жер үйлерінің бірінде күштеп ұстап, қорқыту, күш көрсету арқылы еркінен тыс ақылы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан соң, ол осындай істермен айналысатын "әріптесіне" жәбірленушіні 50 мың теңгеге сатқан. Ол жерден ақпарат келіп түсісімен, біз жедел құтқару шарасын ұйымдастырып, екі сағатта жас ананы құлдықтан құтқардық. Ал тән бизнесінің қуыршағына айналдырғандар құрықталды. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының адам саудасымен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Таңат Назанов.