15:40, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Үш елдің оқушылары «Байқоңыр» айлағымен танысады
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Ресей, Беларус және Қазақстан елдерінің оқушылары мен студенттері қазанның 8-інде «Байқоңыр» айлағында болып,
«Союз» ғарыш кемесін ұшыруға қатысатын болды, деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.
«Ғарыш Колумбтары» жастар жобасының мүшелері кеше Нижний Новгородтан пойызбен жолға шықты. Олар Мәскеу, Қазақстан және Самара арқылы жүріп өтіп, отандық космонавтиканың дамуымен байланысты орындарды аралайды.
Олар сондай-ақ, қарапайым азаматтарға кіруге тыйым салынған ғарыш айлағында болып, кезекті ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалай алады.