Үш елдің үкіметтері Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды - Ө.Шөкеев

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Үш елдің үкіметтері Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын және 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Кедендік одақ күшіне енетіні туралы мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесін әзірледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін, желтоқсанның 19-ында Алматыда өтіп жатқан ТМД қатысушы елдері басшыларының бейресми кездесуінде айтты.
None
None

Құжаттарға Беларус, Қазақстан және Ресей президенттерінің кездесуі барысында қол қойылды. Ө.Шөкеев ЕурАзЭҚ-тың барлық мүше елдері үшін Кедендік Одаққа кіруге ашық мүмкіндік бар. Оны айтуынша, қол қойылған бірлескен мәлімдемеде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің түпкілікті қалыптасуының күні нақты көрсетілген - 2012 жылдғы қаңтардың 1-і. Қазақстан өкілі сондай-ақ үш елдің үкіметтері ДСҰ-ға тезірек ену үшін қолдан келгеннің бәрін істейтініне сендірді.

Кедендік одақ - үш елдің ықпалдастығындағы жаңа серпін екені атап өтілді. Оның құру нақты экономикалық қажеттіліктен туындап отыр және аймақтық ынтымақтастықтың ықпалы мен рөлін күшейтудегі жалпы әлемдік үрдісті бейнелейді. Басты мақсат - Кедендік одаққа кірген елдердің халықтарының жоғары өмір сапасы, экономикалық және әлеуметтік орнықты дамуы.  Жаңа бірлестік өзара сауданың өсуіне, өнімдердің бәсекелестікке қабілетін арттыруға жәрдемдеседі және инвестиция үшін жаңа перспективаларға жол ашады.

Соңғы жаңалықтар