Үш кенші қаза тапқан рудник учаскесінің бастығы бір жыл шартты мерзімге кесілді

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық соты «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің №67 шахтасындағы «Степной» руднигінің учаске бастығы Қанат Бекмағамбетовке үкім шығарды.
None
None

Қалалық соттан хабарлағандай, ол 2010 жылдың наурыз айында үш кеншінің қазасына әкелген еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына жол бергені үшін кінәлі деп танылды. Рудник учаскесінің басшысы бір жыл шартты мерзімге кесілді.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 20-сында Сәтбаевтағы №67 шахтаның «Степной» руднигінде төтенше оқиға орын алып, үш жұмысшы қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар