Үстел теннисінен халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңіске жетті

ОРАЛ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетовтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында үстел теннисінен бүгін халықаралық турнир мәреге жетті.
None
None

Бұл турнирде қазақстандық теннисшілер олжалы болды. Атап айтқанда, ер балалар арасынан «Қазақстан-1» құрама командасы бас жүлдеге ие болса, екінші орын өзбек елінің жасөспірімдеріне бұйырды. Үшінші орын - «Қазақстан-2» командасында.

Қазақстандық қыздар да намысты қолдан бермей, жарыс биігінен көрінді. Қазақстанның екі командасы алғашқы орындарды иеленсе, үшінші жүлде - батысқазақстандықтарда. Жалпы, БҚО ко­ман­да­сының құрамында 13 ойыншы бар.

Ал 1997 жылғы туылғандар арасында өткен сайыста облыстың балғын теннисшілері жақсы ойын көрсетті.

ҚР Үстел теннисі феде­ра­ция­сының вице-президенті Мәлік Бисалиев батысқазақстандық теннисшілердің өзіндік ойын өрнегі бар екенін, олардың келешекте Қазақстанның құра­ма командасы сапында болатынына сенім білдірді. Жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар