11:01, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Үйлену тойынан кейін 27 адам ауруханаға түсті - Өскемен
ӨСКЕМЕН. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Өскеменде үйлену тойынан кейінгі серуенге шыққан тұрғындар жаппай уланды. Тойдың ертеңінде түске дейін ауруханаға 27 адам келген.
Ақ халаттылар науқастарға «гастроэтероколит» диагнозын қойып отыр.
Ауруханаға түскен адамдардың жағдайы орташа деп бағаланған. Олардың барлығына кәсіби медициналық көмек көрсетілуде.
Той дастарханына қойылған тағамдарды сараптау кезінде ет және көкөніс салаттарының сапасыз екені анықталды. Өнімдер үйде тиісті температуралық тәртіпке сай сақталмаған. Әзірленген өнімдерді сақтаудың талаптары мен мерзімі де бұзылған.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау комитетінің департаменті жедел түрде эпидемияға қарсы шараларға кірісті.
Мамандар халықты үйде әзірленетін астың тәртібін қатаң сақтап, азық-түліктің жарамдылық мерзіміне баса назар аударуға шақырып отыр.