Үйлері суық астаналықтар шағымдарын әкімге тікелей жолдай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының тұрғындары пәтерлерінің суық болуына қатысты шағымдарын әлеуметтік желі арқылы әкімге тікелей жолдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Аудан әкімі Арман Тұрлыбеков тұрғындардан өз шағымдарын Фейсбуктегі жеке аккаунтына жолдап отыруды сұрады.

«Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары, жылыту маусымы басталғаннан бері «Сарыарқа» ауданындағы орталық жылу беру жүйесіне қосылған 854 көппәтерлі тұрғын үйге жылу берілді. Сонымен қатар, автономды қазандықтарға косылған 25 тұрғын үйге де жылу толықтай қосылды.

Бірақ кейбір кезде пәтерге жылу берілгенімен жылу радиаторлары суық болып қала береді. Бұл көп жағдайда жылу радиаторларында бос ауаның қалуы, жылу құбырының жарылуы және тағы да басқа себептерге байланысты болады.
Егер сіздердің пәтерлеріңіз салқын болса, онда толық мекен жайыңызды осы жазбаның астына көрсетуіңізді сұраймын. Коммуналдық қызметтер мен қызмет көрсетуші ұйымдар анықталған мәселелерді шешу үшін қажетті шараларды қолданады», - деп жазды әкім жеке парақшасында.




Осы уақытта аудан басшысының Фейсбуктегі аккаунтына бірқатар шағым түсіп үлгерді. Арман Тұрлыбеков оларды шешу бойынша қол астындағы қызметкерлеріне желіде отырып-ақ тапсырма беруде.

Айта кетейік, арыз-шағымдармен бірге халықтың ризашылық лебіздері де түсуде. Сондай-ақ азаматтар проблеманы шешудің мұндай идеясы өзге аудан әкімдеріне үлгі болса игі деген ниеттерін білдіруде.




Соңғы жаңалықтар
Референдум