Ұйымдасқан қылмыстық топтардың тараздық оқушылардан ақша жинауының бірде-бір фактісі анықталған жоқ - Қылмыстық полиция комитеті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның  29-ы.  ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -  Тараз  мектептерінде  жекелеген     оқиғалар   болып тұрады,  бірақ  жалпы      жағдай    қалыпты.   
None
None

  Ұйымдасқан қылмыстық топтардың     мектеп оқушыларынан    ақша жинауының    бірде-бір фактісі   анықталған жоқ. Бұл туралы   кеше      брифингте   ІІМ Қылмыстық полиция   комитетінің  төрағасы Сұлтан  Құсетов мәлім етті.

Қыркүйек  айынан бері Таразда   оқушылардан  «салық  жинайтын» «амангелділіктер»   қылмыстық тобының  мектептерге  шабуыл жасау ықтималдығы  туралы     гу-гу әңгіме өршіп тұр.   Онсыз да үрейленіп  отырған   жұртты жақында «Время»  газетінде  «Амангоштықтар  Таразды    басып алды» деген      тақырыппен  жарияланған    мақала  дүрліктіріп  жіберді.  Мақалада айтылған  мәліметтерді тексеру     үшін     арнайы   құрылған  елордалық  комиссия Тараз  мектептерінде    бірнеше күн бойы  жұмыс істеді.

«Біздің   балаларымыз  сенімді    қадағалауда.    Соңғы  жылдары   елімізде         жасөспірімдер  арасындағы  қылмыстың азая бастағаны  байқалады.   Ал ұйымдасқан   қылмыспен күресу  мәселесі     айрықша   бақылауда»,-  деп    сендірді  журналистерді Сұлтан Құсетов.

Ал  Жамбыл облысына   қатысты  статистикаға  тоқталған  С.Құсетов,    соңғы   бес жылда жасөспірімдер  қылмысының   235-тен 128 фактіге  дейін   төмендегінін    атап өтті.  

Соңғы жаңалықтар