«Үздік оқу-әдістемелік кешен» байқауының жеңімпаздары анықталды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық білім қызметкерлері біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институтында «Ақпарат» пәні бойынша «Үздік оқу-әдістемелік кешен» өңірлік алғашқы байқауының жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлер лайықты сый-құрметке бөленді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алғашқы білім сайысына аймақтарда жеңіске жеткен үміткерлер қатысты. Осылайша Атбасар, Бұланды, Зеренді, Щучье аудандары мен Степногор қаласының үздік әдістеме-ұстаздары бақтарын сынады. Олардың барлығы 2003 жылдан бері қолға алынған «Сайттар жасау» оқу-әдістемелік кешендерді білім беру жүйесіне енгізіп, жұмыстарын қазылар алқасының назарына ұсынып отыр. Қазылар алқасының ұйғарымымен зеренділік Гүлжан Хасенова екінші дәрежелі, атбасарлық Сәуле Жүнісова мен щучьелік Гүлзәйрә Ошақбаева үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бас жүлдеге иелік еткен Светлана Решетникова мен Ольга Мытниковалар оңтүстік астанада өткізілетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум