Үздіксіз білім алудың өзекті мәселелері Павлодардағы халықаралық мәжіліс барысында талқыланады

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында ашылатын «Үздіксіз білім алудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстандағы психологиялық ғылымның 20 жылдығына арналады,
None
None

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.

ПМПИ - жеке психологиялық-педагогикалық факульлтеті бар аймақтағы жалғыз оқу орны, факультет ішінде үш кафедра бар.

Ғалымдар мен тәжірибешілер үздіксіз білім алу саласындағы жаңа мәселелерді талқылап, қазіргі заманға педагогикалық қызметтерде тәжірибе жүзіндегі психология ғылымының маңыздылығын анықтайды.

Конференция жұмысына ЖОО, колледжердің оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысады.

Конференция аясында «Қазақстан Республикасындағы ғылым дамуының мәселелері: тарихы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел, сонымен қатар, өз еліміз бен шетелдік ғалымдардың қатысуымен семинарлар және шеберлік сыныптары өткізіледі.

Мәжіліс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар