V Астана экономикалық форумына 5 мыңнан астам делегат қатыспақ

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - V Астана экономикалық форумы (АЭФ) Астана қаласында 22-24 мамыр аралығында өтеді.
None
None

Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен және белсенді түрде қатысуымен, жыл сайын 80 мемлекеттен 5000-нан астам делегаттар, белгілі саясаткерлер, дін өкілдері және бизнес лидерлер, Нобель сыйлығының лауреаттары, мәртебелі ұстаздар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы және Қазақстан Республикасының Үкіметі Форумның негізгі ұйымдастырушылары болып табылады.

Бүгінгі таңның өзінде 100 астам белгілі саясаткерлер (соның ішінде Нидерландының бұрынғы Премьер-министрі, Мадрид Клубының Президенті Уим Кок), халықаралық ұйымдар мен іскерлік құрылымдардың басқарушылары (Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриа), Бүкіләлемдік Зияткерлік меншік ұйымының (ВОИС) бас директоры Франсис Гарри, Wolksvagen AG компаниясының Төрағасы Ханс-Хайнер Тютинг), сонымен қатар 8 Нобель сыйлығының лауреаттары, 100 шет ел бизнесі қайраткерлері, «Ресей жинақ Банкінің» басқарма төрағасы Герман Греф, «РОСНАНО» ААҚ басқарма төрағасы Анатолий Чубайс, Turkish Airlines әуе жолдарының басқарма төрағасы Хамди Топчу және т.б. өзінің қатысатынын қуаттады.

Форум бағдарламасы халықаралық валюта жүйесі, интеграциялық процесстердің дамуы, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық саясаты, туризм салалары, жаһандық энергоэкологиялық стратегия, инвестиция тарту мен инновация енгізу сынды маңызды мәселелерді қозғайтын 30-дан астам отырыстар мен панельді сессиялардан тұрады.

Бірнеше жобаларды жүзеге асырудың арқасында АЭФ-тың веб-порталы АЭФ қатысушылары үшін тек қана ақпараттық алаң ғана емес, сонымен қатар диаогтық алаңға да айналды. Әрбір сайт қонағы пікірталастар, сұрақ-жауап, пікірсайыстарға қатыса отыра, өзінің мақалалары мен ақпараттарын, сонымен қатар жыл сайын өтетін Астаналық форумға келместен бұрын өзінің жобаларын «Виртуалды форум» бірыңғай жобасының беттерінде орналастыра алады. Өзінің алғашқы жұмыс жылының өзінде Виртуалды Форум 128 мемлекеттен 500 мыңнан астам келушілерін жинады.

Соңғы жаңалықтар