В.Божко жол бойындағы медициналық-құтқару пункттеріне реанимобильдердің кілттерін тапсырды

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне 6 жаңа медициналық-құтқару реанимобильдердің кілттерін табыс етті.
None
None

Аталмыш реанимобильдер Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарындағы күрежолдық медициналық-құтқару пункттеріне жіберілетін болады.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында және Елбасының Жолдауында елдің негізгі күре жолдарындағы шұғыл әрекет ету пунктеріне үлкен көңіл бөлінуде. Былтыр Қазақстанның әр аймақтарында осындай 6 пункт құрылды, биыл қосымша 14 пункт ашылады. Осы орталықтар күре жолдарда апатқа ұшыраған, ауыр жарақаттар алған Қазақстан азаматтарын құтқарып, қыруар істер атқаруда. Бүгін Төтенше жағдайлар департаменттеріне беріліп отырған арнайы көліктер, еліміздің аса қауіпті жол учаскелерінде құрылған орталықтарға жіберіліп, біздің азаматтардың өмірін сақтауға көмектеседі», - деді министр кілттерді тапсыру рәсімінде.

Hyundai County автокөліктерінің негізінде құрастырылған реанимобильдер министрліктің тапсырысы бойынша Алматы қаласындағы «Астана Моторс» Қазақ моторлық компаниясының зауытында шығарылған. Көліктер ең заманауи медициналық техникалармен және құрал-жабдықтармен жарақталған. Оның көмегімен радиусы 50 шақырым аумақта апатқа ұшыраған 5-7 зардап шегушіні эвакуациялауға болады. Сонымен қатар реанимобильдер ұялы байланыс операторлары қызмет көрсетпейтін аумақта байланысқа шығуға көмектесетін жерсеріктік телефондармен және GPS навигациялық жүйесімен, радио бекеттермен жабдықталып отыр.

Айта кетейік, 2015 жылға дейін елімізде 40 күрежолдық медициналық құтқару орталығы бой көтермек. Шұғыл құтқару жұмыстары үшін олар реанимобиль және санитарлық авиациямен толықтай жабдықталатын болады. Медициналық кұтқару пунктінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін, барлық көмек көрсетіледі. Тас жолдардан медициналық-құтқару пункттерін ашу Елбасының Жолдауын іске асыру мен Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының аясында жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум