Вьетнам ақпараттық агенттігінің «ҚазАқпарат» ХАА ұжымын 95 жылдығымен құттықтауы

ХАНОЙ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам ақпараттық агенттігінің (VNA) бас директоры Нгуен Дю Лой «ҚазАқпарат» ХАА ұжымы мен басшылығын агенттіктің 95 жылдығымен құттықтады.
None
None

Құрметті Дәурен Кеңесұлы Дияров мырза !

Вьетнам ақпараттық агенттігі (VNA) Директорлар кеңесінің атынан Сізді және «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

«ҚазАқпарат» сонау 1920 жылдан бастау алатын көп жылдық тарихымен мақтана алады. Әр жылдары «ҚазАқпарат» агенттігінің басшылары мен тілшілері бүкіл дүниежүзіне ел мен оның халқы туралы сенімді әрі жүйелі ақпарат таратып, Қазақстан халқын әлемдегі жаңалықтармен таныстыру арқылы оның миссиясын орындап келеді.

VNA мен «ҚазАқпарат» агенттігінің арасында қол қойылған келісім аясында жүзеге асып келе жатқан кәсіби ынтымақтастықтың арқасында компанияларымыздың арасында өзара тиімді әрекеттестіктің іргетасы қаланды. Осылайша агенттіктеріміз елдеріміз арасындағы өзара түсіністік аясын кеңейтуде үлесін қосып жатыр. Бұл айтулы күні Сізге және «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымына елдегі сенімді әрі тиімді ақпарат көзі ретіндегі миссиясын орындауда жаңа жетістіктерге қол жеткізуді тілеуге рұқсат етіңіз. Құрметпен, Вьетнам ақпараттық агенттігінің бас директоры Нгуен Дю Лой (Nguyen Due loi)

Соңғы жаңалықтар