В. Киянский: Қазақстан Президентінің антиядролық бастамалары лаңкестіктің жаңа түрінің алдын алады
"БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында ядролық қарусыз әлемнің тұжырымдамасын жасауды ұсынды. XXI ғасырда ядролық қаруға тыйым салынуы керек. Президенттің бұл мақсаты бүгінгі әлемде өте маңызды рөлге ие деп есептеймін. Себебі лаңкестік өзінің ауқымын өзгертуі де бек мүмкін. Ядролық лаңкестік дегенге тап боламыз", - дейді депутат ОҚК баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Қазақстан мұндай үндеулер жасауға толық құқыққа ие. Өйткені әлемде тек біздің ел ғана ядролық қарусыздануды жүзеге асырды. Қазақстан ядролық полигонын жауып, атомды бейбіт мақсатта пайдалануға жол ашу үшін төмен байытылған уран банкін құруда.
"Президентіміз ядролық қарусыздану тақырыбын әрдайым көтерген сайын, атомды бейбіт мақсатта пайдаланғысы келетін елдерге теңдей жағдайлар жасау үшін әлемде бейбіт атомды пайдаланудың бірыңғай ережелерін бекіту қажеттігін айтады", - деп түйді сөзін В. Киянский.