В.Путин: ҚР тарабынан РФ-ға тауар ағыны біздің Қазақстанға жеткізілімімізге қарағанда қарқынды артуда

Форум өткізуге Екатеринбург қаласы тегін таңдап алынбағанын баса айтқан В.Путин: «Мен біздің бүгінгі кеңесіміздің, пікірсайысымыздың негізгі тақырыбына орай айтып отырмын. Нақты айтқанда, РФ мен ҚР өңірлері арасындағы жұмыстар. Нақты айтқанда, жүргізіп отырғанымыз жоқ, тек жоғары деңгейде қадағалап отырмыз. Біздің әріптестер қарқынды, өте өнімді жұмыс істеуде әрі көптеген қызықты жобалар бар», деді.
Сонымен қатар РФ Президенті Кеден одағы толық форматта жұмыс істей бастағаннан кейін екі ел арасындағы сауда-саттық көрсеткіші біршама жақсара түскендігін баса айтты. «Бұл ретте ҚР тарабынан РФ-ға тауар ағыны біздің Қазақстанға жеткізілімдерімізге қарағанда айтарлықтай қарқынды арта түсуде», деді ол.
«Біздікілер басқаша айтады», деп жауап қатты Н.Назарбаев.
«Өткен жылы сәйкесінше 28 және 8 пайыз болды. 20 - Бұл Қазақстаннан жеткізілімнің артуы және 8,5 - Қазақстанға жеткізілім. Ағымдағы жылы біршама өзгерді. Бізде жеткізілім артуы 13, ал Қазақстанда 20 пайыздан асып жығылады. Міне, үрдіс осындай, дегенмен бұл бізді қорқытпайды. Мүмкін, керісінше біз соңғы нәтижеде адамдар үшін қызықты балансқа келерміз», деді В.Путин.