В.Путинге дауыс бере отырып, Ресей халқы елдің әлеуетін тиімді іске асыруға бағытталған саясатты жалғастырудың пайдасына өз таңдауларын жасады - Н.Назарбаев

ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап құттықтаудың мәтінін таратады.
Құрметті Владимир Владимирович!
Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан Сізді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен құттықтаймын!
Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, Ресей халқы елдің әлеуетін тиімді іске асыруға бағытталған саясатты жалғастырудың пайдасына өз таңдауларын жасады.
Сіз, ресейліктердің қолдауына сүйеніп, өзіңіздің барлық біліміңізді, күшіңізді және тәжірибеңізді экономикалық өсімді, әлеуметтік әл-ауқатты, саяси тұрақтылықтың сақталуын одан әрі қамтамасыз ету және Ресей Федерациясының халықаралық беделін нығайту үшін жұмсайтыныңызға сенемін.
Сіздің Ресей Президенті лауазымындағы қызметіңіз алдағы уақытта біздің мемлекеттеріміз арасында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйектілікпен іске асыруға және ақ пейіл сенімді қарым-қатынастарды нығайтуға қызмет ететін болады деп сенемін.
Сізге, құрметті Владимир Владимирович, зор денсаулық және Ресей Федерациясының басшылығында жаңа жетістіктер, ал ресей халқына - бейбітшілік және гүлдену тілеймін.
Шынайы құрметпен және терең достық сезіммен,
Нұрсұлтан Назарбаев
Астана, Ақорда