В. Януковичтің сапары Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастардың кеңеюіне тың серпін береді - Елбасы

АНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Президент Виктор Януковичтің біздің елімізге алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастың кеңеюіне, экономикалық тұрғыдан алғандағы екі елдің ынтымақтастығының тоқтап қалған салаларын қозғауға тың серпін береді.
None
None

Елбасы бұл пікірін бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Украина Президенті Виктор Януковичпен жүргізілген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының айтуынша, әртүрлі оқиғаларға қарамастан, Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас дамып келеді. Екі елдің арасында осы жылдар ішінде салмақты құқықтық база қалыптасты. Екі елдің бизнесмендерінің және іскер адамдарының қалыпты жұмыс істеулері үшін жасалған келісімдер жеткілікті. «Бізде украиналық капиталдың қатысуымен 160 бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Дағдарыс жағдайында өткен жылы тауар айналымы 17 пайызға төмендегенімен, ол сонда да үлкен көлемді құрайды. Украина біздің ірі сауда әріптестеріміздің бірі. Өткен жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 3,5 млрд. долларды құрады», деді Н. Назарбаев.

«Сондықтан Сіздің сапарыңыз және жеке әңгіме барысындағы саяси, экономикалық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша талқылауларымыз, көзқарастарымыздың сәйкес келуі біздің жұмысымызды ілгерілетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді Қазақстан басшысы.

Елбасы біздің ел Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына зор маңыз беретіндігін атап көрсетті. Және Қазақстанның Украинадағы, Украинаның Қазақстандағы жылдары екі елдің халықтарын тағы да жақындастыра түскенін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар