13:58, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Валюта бағамының өзгеруі Қазақстанның экономикасына әсер етпеуі тиіс - Нобель сыйлығының лауреаты Р.Мендел
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Әлемдік валюта бағамының өзгеруі Қазақстанның экономикасына әсер етпеуі тиіс.

Бүгін елордада басталған IV Астаналық экономикалық форумының ресми бөлімінде Нобель сыйлығының лауреаты, еуроның «әкесі» атанған ғалым Роберт Менделл осылай айтты.
Р.Менделл атап көрсеткендей, Ұлы Отан соғысынан кейін фунт стерлингтің орнын басқан доллар бүгінде халықаралық экономикалардың негізгі валютасына айналды. Қазіргі кезде Халықаралық валюта қорында бұл валютаның өзіндік құқықтық мәртебесі бар. «Еуропа да өзінің нақты экономикалық жүйесін қалыптастырып, ортақ валютасын енгізді. Бүгінгі таңда осы екі халықаралық валюта бағамының өзгеруі көптеген елдердің экономикасына әсер етуде. Бірақ Қазақстанға бұл үрдіс сезілмеуі тиіс. Себебі Қазақстан аса бай мұнай қоры бар мемлекет болып табылады», - дейді Р.Менделл.