Валюталық мәселеде ірі мұнай қоры бар Қазақстан «ерекше жағдайға» қарастыруға жатады - Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Р. Монделл

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Валюталық мәселеде ірі мұнай қоры бар Қазақстан «ерекше жағдайға» қарастыруға жатады.
None
None

Бүгін елордада ашылған «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форум барысында сөз сөйлеген экономика саласы бойынша 1999 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Роберт Монделл осылай мәлім етті.

«Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік экономика доллардың ықпалында болғаны анық. Алайда, қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық даму жүйесі үлкен екі бөлікке айналып отыр. Бұл - доллар зонасы мен еуро зона. Бұндай екіге айырылудың салдары да үлкен болуы ғажап емес. Мәселен, біз долларды қолдап, соған басымдық берсек, сосын оның бағамындағы тұрақсыздық салдарымен күресуге тура келеді. Еуроға басымдық болса да солай. Сондықтан көптеген мемлекеттер, доллар мен еуроның «секірісінен» үшінші елдер жапа шегуі мүмкін. Мәселен, Қазақстан да осыны сезінуі ықтимал. Алайда, Қазақстанда үлкен мұнай қоры болғандықтан, оны ерекше жағдайға жатқызуға болады», - деді Р. Монделл.

Соңғы жаңалықтар