Вашингтон мен Мәскеу адамзат өркениетіне қауіп төндіретін лаңкестікке қарсы біріге алатындығына үміттенеміз - Н.Назарбаев

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Вашингтон мен Мәскеу адамзат өркениетіне қауіп төндіретін лаңкестікке қарсы күресте біріге алатындығына үміт артамыз. Бұл туралы бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес жөніндегі саммитінде сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Зорлық-зомбылық экстремизмі халықаралық лаңкестіктің өсіміне себепші бола отырып, әлемдегі барынша қатерлі қауіптің біріне айналды. Біздерге жаңа әлемдік бәтуаластық қажет. Мемлекет саяси ерік-жігер танытып, ортақ қауіп-қатерге қарсы күш біріктіруі тиіс. Әлем мұны Екінші дүниежүзілік соңыс кезінде жасай алған еді», - деді ҚР Президенті.

Елбасы әлем елдері өздерінің бірлігін 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін паш еткенін, 2013 жылы Сириядағы химиялық қару-жарақты жою жөнінде ынтымақтастыққа уағдаласқан Вашингтон мен Мәскеудің жаһандық жауапкершілігіне куә болғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылдың шілдесінде Иранның ядролық бағдарламасы бойынша тағдыршешті келісімге қол жеткізілді. Жетекші державалар өздерінің ағымдық алауыздықтарынан жоғары тұра алды. Бүгінгі күні де біз олар барша адамзат өркениетіне күрделі қатер төндіретін лаңкестікке қарсы күресте біріге алатындығына үміт артамыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар