Вашингтонда Ауғанстан мәселесі бойынша қазақстан-американ консультациялары өтті

ВАШИНГТОН. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Өміртай Бітімбаев бастаған өкілетті делегация Ауғанстан бойынша консультациялар өткізу мақсатында сәуірдің 26-28-і аралығында Вашингтонда сапармен болып қайтты.
None
None

Бұл сапар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында өткен сапарының барысында және жыл сайынғы қазақстан-американ екіжақты консультацияларында қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болды, деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ағыбай Смағұлов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Халықаралық лаңкестікпен, және діни экстремизммен күрес жөніндегі департамент бастығының орынбасары Дәулетжан Құрамысов, Индустрия және жаңа технологиялық министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі департаменті директорының орынбасары Олжас Раев және Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ департаментінің кеңесшісі Талғат Баймұхамбетов кірді.

Қазақстандық делегация Ауғанстан және Пәкістан бойынша арнайы өкіл Ричард Холбрукпен, оның орынбасары Пол Джоунспен, қорғаныс министрінің көмекшісінің Ауғанстан бойынша орынбасары Дэвид Сиднимен және АҚШ-тың мемлекеттік агенттіктерінің басқа да өкілдерімен кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында ауған халқын оқыту және адам ресурстарын дамыту жөніндегі бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыру, Ауғанстанды қайта қалпына келтіру, денсаулық сақтау, сауда-саттық қарым-қатынастарын дамыту, ел экономикасына, оның ішінде өндіруші өнеркәсіпке, энергетика саласы мен ауыл шаруашылығына қазақстандық инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мен Ауғанстанға көмектесу үшін осы әлеуетті пайдалану мәселесі де талқыланды. Тараптар ауған мәселесін әрі қарай зерделеу, бұл мәселені ЕҚЫҰ самитінің күнтәртібіне қосу туралы келісімге келді.

Қазақстандық және американдық тараптар өткен консультацияға оң баға бере отырып, Ауғанстандағы тұрақтылыққа қол жеткізу және оның экономикасын қалпына келтіру ісінде өзара іс-қимылдарды жалғастыру туралы келісімге келді.

Соңғы жаңалықтар