Велоспорттан Алматы облысында дәстүрлі «Джейран трофи» көпкүндігі аяқталды

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында 3-7 мамыр күндері тау велосипедінен VІ «Джейран трофи» көпкүндігі өтті.
None
None

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей спортшылары қатысқан жарыста бұл жолы екатеринбургтік Михаил Будьконың жолы болды. Ал алматылық Эдуард Лоренц пен Жандос Бақытбекұлы 2-3 орынды өзара бөлісті. Былтыр М. Будько Қазақстан чемпионы Кирилл Казанцев пен Ресейдің Красноярск қаласынан келген Виталий Могаға есе жіберіп үздік үштікті түйіндеген болатын. Ал бұған дейін мұнда 3 дүркін чемпион атанған Қырғызстанның Бішкек қаласынан келген Жаныбек Сатканалиев денсаулығы сыр беріп жарыс жолынан шығып қалды. Былтыр оның темір тұлпары бұзылып, 6-шы орынды қанағат тұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар