Венада «ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерде электронды дауыс беруді қолданудың қазіргі жағдайы мен перспективасы» атты семинар өтеді

ыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қыркүйектің 16-17-сі күндері Венада «ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерде электронды дауыс беруді қолданудың қазіргі жағдайы мен перспективасы» деген тақырыпта семинар өтеді.
None
None

Шараны ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қазақстан мен Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (БДИПЧ) бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.

Оның айтуынша, семинарға ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің және әріптес елдердің ресми делегациялары, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Қазақстанның ресми делегациясының құрамына ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері еніп отыр. «Шара барысында электронды дауыс берудің қазіргі қолданып жүрген тәсілдері, халықаралық стандарттар, электрондық дауыс беруді құқықтық реттеу мен бақылау, ЕҚЫҰ кеңістігінде электронды дауыс беруді одан әрі дамыту жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылау көзделуде», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар