Венада ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыру мәселелері талқыланды

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Венадағы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының делегациясы Астанада желтоқсанның 1-2-сі күні өтетін Ұйым Саммитін ұйымдастыру және логистикалық мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің мүшелеріне арналған таныстырылым ұйымдастырды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесуге жиналғандар алдында қазақстандық төрағалықтың Таск-форс басшысы, Саммиттің атқарушы хатшысы Сержан Әбдікәрімов негізгі хаттаманы оқыды. Саммиттің Атқарушы хатшылығының өкілдері іс-шараға дайындық барысы, сондай-ақ, оған қатысушы мемлекеттердің делегацияларымен, әріптестер және халықаралық ұйымдармен үйлестірушілік жұмыстары туралы ақпарат берді.

Астанаға жоғары мәртебелі қонақтардың келуіне дайындық, оларды қарсы алатын адамдар, қауіпсіздік пен баспасөзге қатысты мәселелер туралы пікір алмасу болды. Атап айтқанда, аккредитация, кездесулер, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыру жұмыстары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар