Венгрия Премьер-Министрінің Қазақстанға ресми сапары екіжақты қатынастарға жаңа серпін береді - Др. Шандор Фазекаш

«Венгрия-Қазақстан» ынтымақтастығы тобының жетекшісі Др. Шандор Фазекаш мырза. Бұл туралы ол Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбековпен өткен кездесуде айтты.
Басқосуда Ә.Жолшыбеков екі мемлекет арасында 1994 жылы достық пен ынтымақтастық келісімінің негізі қаланғанын, екі елдің саяси үнқатысуы әрі экономикалық серіктестіктің жан-жақты өркендеуі арқасында мемлекеттер арасында жоғары деңгейлі сапарлар жалғасып жатқанын атап өтті.
Ә.Жолшыбеков Будапешттен келген меймандарды Қазақстан Республикасының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы дайындық барысынан хабардар етті. «Тәуелсіздіктің жиырма жылында ҚР Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында 130 этнос пен халықтың өкілдерінен тұратын Қазақстан елінде ұлтаралық және конфессияаралық келісім сақталып отыр.
Біз жаңа экономика құру арқылы әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысынан өттік. Мемлекетті басқара алтынымызды дәлелдеп, өз тарихымыз бен мәдениетіміздің өзгешелігін сақтай отырып, дипломатиялық және демократиялық ұстанымдарымыздың негізін қаладық», - деп мәлімдеді қазақстандық парламентші.
Өз кезегінде венгр делегациясының басшысы Др. Шандор Фазекаш жылы қабылдауға ризашылығын білдіре отырып, екі елдің терең тамырларынан таратып сөз сөйледі.
Бүгінде Венргия аймағында 200 мың қыпшақ ұрпақтары өмір сүруде.
кездесуге Венгрия Республикасы Ауыл шаруашылығы және аймақтарды дамыту министрінің орынбасары - Венгрия Республикасының Мемлекеттік хатшысы Имре Фаркаш, сондай-ақ Венгрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцки қатысты.