Вьетнамдағы круиздік лайнер апатынан мерт болғандар саны 34 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Құтқару қызметі Вьетнамның солтүстік бөлігіндегі Оңтүстік Қытай теңізі Халонг бұғазындағы туристік кеменің апатқа ұшырауы салдарынан 34 адамның денесін тапты, деп жазады ТАСС.

мчс
Фото: freepik.com

Вьетнам ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сағат 21:30-дағы уақыт бойынша (Астана уақытымен 19:30) құтқару қызметі 34 адамның денесін тапты, 10 адам құтқарылды.

Ресми ақпарат бойынша борт нөмірі QN-7105 круиздік кемесінде 53 адам болған. Олардың 48-і турист болса, 5-і экипаж мүшелері. Найзағай ойнап, күшті жел тұруының салдарынан кеме аударылып қалған.

Қайғылы жағдай туралы хабарды алысымен Куангнинь провинциясының төтенше жағдайлар қызметі жедел түрде іздеу-құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқару жұмыстарын нөсер жауын мен күшті жел және қараңғы түн қиындатты.

Куангнинь провинциясы порты билігінің хабарлауынша, суға кеткен кеменің жолаушылары Халонгке отбасыларымен туристік сапармен келген Ханой тұрғындары. Кемеде болған туристердің ең жасы үлкені 53-те, екі кішісі 3 жаста болған.

Осыған дейін Вьетнамда туристік қайық суға кетіп, үш адам қаза тапқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар