VI Алматы халықаралық сапа форумы болады

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 6-8 қазан күндері "Болашақ үшін сапа!" деген ұранмен VI Алматы халықаралық сапа форумы болады.
None
None

Оны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның сапа көшбасшылары қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

"Бұл форум алғаш ұйымдастырылған уақытынан бері қатысушыларының саны жағынан ТМД мен Шығыс Еуропа аумағында өз саласы бойынша ең ірі шара болуда. Биыл оған 11 елден 550 адам қатыспақ. Еуропалық форумдар баяндамашылардың саны жағынан ғана алда тұр", - дейді Алматы халықаралық форумын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иван Кравченко. Оның айтуынша, дәстүрлі бұл шараға қазірдің өзінде 11 елден 103 кәсіпорын, мемлекеттік және сертификаттау органдары, оқу орындары, қоғамдық және халықаралық ұйымдар тіркеліп отыр. Сондай-ақ биыл тұңғыш рет Германия, Италия, Ұлыбритания мен Өзбекстан өз өкілдерін жібермек.

Соңғы жаңалықтар