VI Астана экономикалық форумында «Инвестициялық періште» сыйлығы тапсырылады

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Халықаралық несиешілер ұйымы (World Organization of Creditors) 24 мамырда VI Астана экономикалық форумы ауқымында «Инвестициялық періште» халықаралық инвестициялық сыйлығымен марапаттау салтанатты рәсімін өткізеді.
None
None

World Organization of Creditors бұл шараны әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің аумағында жыл сайын өткізіп келеді: оған саясаткерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар және дипломаттар белсене қатысуда. «Инвестициялық періште» халықаралық инвестициялық сыйлығы эксклюзивтік және бұл орайдағы бірден-бір марапат болып табылады. 2010 жылдан бастап сыйлықтың ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып World Organization of Creditors президенті Роберт Абдуллин сайланды.

Бүгінгі күні Сыйлық халықаралық экономикалық қоғамдастықта кеңінен танымал: лауреаттар арасында үкімет басшылары, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, әлемнің дамыған және дамып келе жатқан елдерінің бизнес-қоғамдастықтары бар.

«Инвестициялық періште» сыйлығы экономиканың әртүрлі салаларын дамытуды ынталандыруды, Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жәрдемдесуді, сондай-ақ инвесторлар мен олар инвестициялайтын жобалардың белсенділігін ынталандыруды көздейді.

Биылғы жылы «Қазақстандағы ең табысты инвестициялық жоба», «Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік және отандық инвестор», «Барынша серпінді дамып келе жатқан қазақстандық және шетелдік банктер», «Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін» аталымдары белгіленіп отыр.

Лауреаттарды іріктеуді Қазақстан Республикасының бейіндік министрліктері ұсынған ресми статистикалық мәліметтер негізінде тәуелсіз сарапшылық кеңес жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар