Вице-премьер Е.Орынбаев «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты -ШҚО

ӨСКЕМЕН. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының барысында вице-премьер Ербол Орынбаев Глубокий ауданындағы Глубокое кентінің жұмыспен қамту орталығына барды.
None
None

Е.Орынбаев шағыннесиелік ұйымдардың мүшелері және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушыларымен кездесіп, оның ауылда іске асырылу барысымен танысты. Ауыл тұрғындары бағдарламаның аймақта өте табысты іске асырылып жатқанын атап өтіп, Мемлекет басшысына ауыл тұрғындарын қолдағаны үшін алғыстарын білдірді.

 Бүгін Е.Орынбаев жұмыспен қамту және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларына қатысып жатқан Самсоновка ауылының Жанерке құс ЖШС мен арматура зауытында болады. Бұдан басқа, «Алтай» аймақтық техникалық паркі мен Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығына баруы жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар