08:53, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Вице-премьер Серік Ахметов бүгін Өскеменде ашылатын өнеркәсіпшілердің республикалық форумына қатысады
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстанға жұмыс бабындағы сапармен Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов келеді.
Вице-премьер Өскеменде өтетін өнеркәсіпшілердің республикалық форумына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форумда «қазақстандық мазмұнды» арттыру мәселесін талқылау жоспарлануда. С.Ахметовпен бірге форумға индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар вице-министрлері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінің өнеркәсіпшілері қатысады. Форум жұмысы басталғанға дейін вице-премьер жиналған жұртпен бірге «КЭМОНТ», «Шығысмашзауыт», «Өскемен арматура зауыты» сияқты кәсіпорындарды аралайды. Одан кейін қонақтар тауар өндірушілер көрмесінің ашылу рәсіміне қатысады.