Вице-премьер Теміртаудың өнеркәсіптік секторымен танысты

Металлургтер қаласында вице-премьер жергілікті өзін-өзі басқарушы қоғамдық комитеттердің жұмысымен танысты. Қоғамдық комитеттер 2001 жылы құрылған болатын.
Жергілікті өзін-өзі басқарушы қоғамдық комитеттердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі жергілікті маңыздағы мәселелерді шешуге тұрғындарды тарту, сондай-ақ тұрғын үйлердің жылу беру маусымына сапалы әзірлігін ұйымдастыру және өз округінің аумағындағы жер жұмыстарын жүргізуге берілетін рұқсаттарды келісу болып табылады.
Қ.Келімбетов жергілікті өзін-өзі басқарушы қоғамдық комитеттердің оң тәжірибесін атап көрсетті және ол тәжірибелерді басқа облыстарда пайдалануды ұсынды.
Премьер-Министрдің орынбасары сондай-ақ "Ast Etalon Crown" ЖШС-інде, «Borusan Makina» ЖШС-інде болып, ондағы жұмыстармен танысты.
Қайрат Келімбетов Қарағанды облысына жұмыс сапарын жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен өткен кеңеспен қорытындылады. Онда Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.