Виктор Христенко ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті болып сайланды

"Бүгін ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының алғашқы отырысы өтті. Іскерлік кеңестің президентін сайлау жөнінде ұсыныс жасалды. Ол қызметке Виктор Борисович Христенко тағайындалды", - деп атап өтті А.Мырзахметов баспасөз мәслиxатында. В.Христенко ЕАЭО Іскерлік кеңесін 4 жыл басқаратын болады. Жақын арада ол ЕАЭО Іскерлік кеңесінің даму жоспарын ұсынуы тиіс.
Оның айтуынша, Іскерлік кеңестің басты идеясы билікпен тиімді сұxбат алаңын құру болып табылады.
"Қазір қандай міндеттер басымдыққа ие екендігін түсіну қажет. Ең бастысы, барлық елдердің кәсіпкерлерінің қай ұстанымдары бойынша толық ықпалдастық табуға болатынын анықтау қажет. Меніңше, басты мәселе осы. Осындай жағдайда ғана кез келген деңгейдегі билік құрылымымен сәтті сұхбат құруға болады", - дейді В. Христенко.
Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен ЕАЭО Іскерлік кеңесі өзара қарым-қатынас жөнінде меморандумға қол қойды. Енді кәсіпкерлік орта ЕАЭО-ның құқықтық-нормативтік базасын қалыптастыруға қатыса алады. Сонымен қатар одақтың кәсіпкерлік қауымдастықтарының қатысуымен іскерлік ортаның түрлі форумдары да комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылады.