16:02, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Виктор Янукович Нұрсұлтан Назарбаевты Украинаға сапарға шақырды
КИЕВ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Украина басшысы Виктор Янукович Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Украинада сапарда болып қайтуға шақырды. Бұл шақыруды ол бүгін Киевтегі кездесудің барысында ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер минстрі Қанат Саудабаевқа берді.
«Біз Қазақстанның мені сіздің елге сапарға шақырған ұсынысын жақын күндерде қараймыз. Бүгін мен осы мәселені сізбен талқылауға дайынмын», - деп мәлімдеді В.Янукович.