Вильнюсте ҚР Елшісі Литвадағы қазақ даспорасы өкілдерімен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Вильнюсте Қазақстан Республикасының елшілігінде Елші Ғалымжан Қойшыбаевтың Литвадағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Литва арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық қарқынды дамып, біздің халықтарымыз арасындағвы дәстүрлі достық байланыстар нығайып отырғанын атап өтті.Ғ.Қойшыбаев жерлестерге Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдай туралы баяндады және Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауының өзекті қағидаттарын түсіндірді. Елші Қазақстанның шетте жүрген отандастарына қатысты саясатына түсінік берді және олардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазақ диаспорасымен бірлескен шаралар өткізу жөнінде нақты ұсыныстар жасады.Диаспора өкілдері өз сөздерінде саны жағынан аз болғанмен қазақтар Литваның іскерлік, ғылым және мәдени салаларында жемісті еңбек етіп жүргенін атап өтті. Дүниежүзі қазақтарының соңғы ІІІ құрылтайына Литвадан Каунас медицина университетінің қоршаған ортаны және адам денсаулығын зерттеу зертханасының меңгерушісі Олег Әбдірахманов қатысты. Кездесу барысында диаспора өкілдері Литвада қазақ ұлттық-мәдени бірлестігін құруға шешім қабылдады, оның мақсаттарының бірі ? жастар мен балаларға ана тілін үйрету және қазақ мәдениетімен таныстыру болмақ.
Соңғы жаңалықтар