Вирустық инфекцияның беті қайтты - Қостанай

ҚОСТАНАЙ.  Желтоқсанның   26-сы.  ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -   Қостанай  облысында   жіті вирустық инфекцияның     беті  қайтты. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық   қадағалау комитетінің  Қостанай  облысы  бойынша департаменті  директорының  орынбасары Бақытжан  Кенжебаев    мәлім етті.
None
None

Шенеуніктің айтуынша,  бұл маусымда Қостанай  облысында    тыныс жолының  жіті вирустық инфекциясының 50 мыңнан астам оқиғасы  тіркелген.   Бұл     былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 есеге көп.   Дегенмен, Б.Кенжебаев  2010   жылдың қаңтар-ақпан  айларында   «екінші  толқының»  болу ықтималдығын  жоққа шығармады.

Соңғы жаңалықтар