Владикавказдың Орталық базарында жарылыс болды, қаза тапқандар бар

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Владикавказдың Орталық базарында қуатты жарылыс болды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, деп хабарлады Солтүстік Осетияның құқық қорғау органындағы дереккөз.
None
None

Оның дерегі бойынша, іске қосылған жарылғыш құрылғы базарға кіреберіс жерге қойылған автокөлікте болған. Қазір оқиға орнында барлық жедел қызметтің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Жарылыс орнына сондай-ақ, Солтүстік Осетияның басшысы Теймураз Мамсуров та келді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Соңғы жаңалықтар