07:41, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Волейбол: ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында Оралдың «Жайық-Конденсаты» төртінші орында келеді
ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Оралдың «Жайық-Конденсаты» төртінші орында келеді.

Алматы қаласында 21-28 ақпан аралығында өткен үшінші турда оралдықтар үш кездесуде жеңіске жетіп, төртеуінде ұтылып қалды. Үш турдан кейін Шымкенттің «Динамо-Қазығұрты» 47 ұпаймен жекедара көш бастаса, «Семей» 45 ұпаймен екінші, одан бір-ақ ұпайы кем Алматының «Ұшқын-КазНАУ» командасы үшінші орында тұр. Олардан едәуір артта қалған оралдықтарды (32 ұпай) Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылыс-2» командасы 31 ұпаймен өкшелеп келеді